Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: yna.co.kr
Сеул соты экс-президентті 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, оған үш жылдық сынақ мерзімін белгіледі. Соттың мәліметінше, Юн Сок Ёль сайлауалды науқан кезінде сайлаушыларға шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат берген.
Егер үкім заңды күшіне енсе, Юн Сок Ёльдің «Халық күші» партиясы сайлаудағы жеңістен кейін мемлекеттен алған 39,7 миллиард вонды (шамамен 13 миллиард теңге) бюджетке қайтаруға міндеттеледі.
Юн Сок Ёль Солтүстік Кореяға әскери дрондар жіберу ісі бойынша 30 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар бірінші сатыдағы сот бүлік ісі бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бұл шешім қазір Сеулдің Жоғарғы сотында қаралып жатыр.
Еске сала кетейік бұған дейін ол қамауға алу туралы ордердің орындалуына кедергі келтіргені және төтенше әскери жағдай енгізілгеннен кейінгі оқиғаларға байланысты өзге де айыптар бойынша қосымша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.