Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Түркістан облысында жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Түркістан облысында жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайыЖелідегі мәліметке сүйенсек, Сайрам ауданында бір топ адам 20 жастағы жігітті соққыға жыққан. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, кикілжің күндіз көкпар кезінде басталып, кешке күдіктілер жігітті "сөйлесуге" шақырған. Жақындары соққыға жығылған жігітті екі сағаттан кейін тапқанын айтады.
Полиция не дейді?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама 7 ақпанда түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды, куәгерлерді анықтады. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот ұсталғандарға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.
"Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жалғасып жатыр. Туыстарының айтқан уәжі зерттеліп, тексеріледі. Қазір жәбірленуші медициналық мекемеде емделіп жатыр", - деді полиция.
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!