Оңтүстікте Шардара қаласын су қоймасына тәуелділіктен арылтатын жоба іске қосылды

31.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысында "Тама-Тастанбек" топтық су құбыры пайдалануға берілді, деп хабарлады үкімет.

Үкіметтің қолдауының арқасында әзірленген бұл жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылды.

"Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, қаланы Шардара су қоймасына тәуелділіктен арылтады. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 39,3 шақырымды құрайтын екі магистральдық су құбыры тартылып, таза суға арналған төрт резервуар мен су тазарту қондырғысы салынды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ бірінші және екінші көтергіш сорғы стансалары бой көтерді. Бұдан бөлек, тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.

Айта кету керек, бұған дейін Шардара қаласының ауыз сумен қамтылуы Шардара су қоймасының жағдайына тікелей байланысты еді. Енді заманауи талаптарға сай жүзеге асырылған ауқымды жобаның арқасында қала тұрғындары тәулік бойы "Тама-Тастанбек" жерасты кен орнынан алынатын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью