OPEC+ мұнай өндірісін әзірге арттырмайды

05.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

OPEC+-ке мүше елдер мұнай өндірісін әзірге арттырмайды. Яғни наурыздың аяғына дейін тізгінді тарта тұруға келісті.

Өйткені нарықта мұнай көп. Қара алтынның ірі тұтынушысы Қытайдың да сұранысы бұрынғыдай емес. Ұйымға мүше елдер Венесуэладағы ахуалды да есепке алып отыр. Өйткені Оңтүстік америкалық ел қара алтын қоры бойынша әлемде бірінші орында. Десе де, мұнай өндіру көлемі  - тәулігіне небәрі 800 мың баррель. Бұл әлемдік өндірістің 1 пайызы ғана. Сарапшылар Венесуэла экспортты жандандыруы үшін ауқымды реформалар жүргізіп, ірі инвестиция тартуы қажет, - дейді. Өйткені АҚШ-тың санкцияларынан кейін Венесуэланың мұнай саласы тоқырауға ұшыраған.            

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью