OpenAI басшысының үйіне Молотов коктейлін лақтырған

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

OpenAI компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Сэм Альтманның Сан-Францискодағы вилласына жұма, 10 сәуірде шабуыл жасалды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 20 жастағы ер адам виллаға Молотов коктейлін лақтырып, салдарынан қақпа өртене бастады, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. 

Шабуылдаушы қашып кеткен, бірақ кейінірек ұсталды. Ол сондай-ақ компанияның Сан-Францискодағы штаб-пәтерін өртеп жіберемін деп қорқытқан. 

Жергілікті San Francisco Chronicle басылымының мәліметінше, Алехандро Даниэль Морено-Гама есімді күдікті қамауға алынды.

Полиция оның ниеті түсініксіз екенін атап өтті. Осы арада жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ChatGPT чат-ботын әзірлеуімен танымал OpenAI компаниясы және оның бас директоры Сэм Альтман соңғы уақытта бұл технологияны адамзатқа қауіп төндіреді деп санайтын жасанды интеллектке қарсы шыққандардың нысанасына айналды. 

Осыған дейін OpenAI басшысы жасанды интеллектіні реттейтін жаһандық орган құруға шақырғанын жаздық. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью