Оқу ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз

09.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы Атырау облысында болған оқушылар арасындағы буллинг жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл мәселе мектеп директорын қызметтен босатумен шешілмейді, деп жазады Egemen.kz.

«Балалар арасындағы буллинг, төбелес, әлімжеттік және өзге де осындай келеңсіз нәрселерге басқарушылық тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да баға берілуі тиіс. Бірақ, мұндай жағдайлар болған кезде мектептің директорын босата беру, менің ойымша – қисынсыз. Оқу жылының ортасында оқушылар арасында осындай жағдай болып, біз директорды қызметтен босата беретін болсақ, онда бізде мектеп директоры шақ келмейді. Сондықтан, мұндай үлкен проблемаға жауапкершілікті тек директордан емес, жалпы қоғамнан, оның ішінде мектеп әкімшілігінен, ата-аналардан, педагогтардан, білім беру басқармаларынан, сонымен қатар уәкілетті органдардан да талап етуіміз керек. Осылайша, проблеманы жүйелі түрде шешуіміз қажет», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оқушы сыныптасына балта ала жүгірген: мектеп директоры қызметінен босатылды

Оқу министрі осы өзекті мәселе бойынша өңірлерде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Бүгінгі таңда Оқу-ағарту министрлігінің алдында осы оқушылардың арасындағы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты мейлінше азайту, сонымен бірге мейлінше буллингтің алдын алу мен жоюға байланысты кешенді, жүйелі шараларды қабылдап келеміз. Мен өткен жылы Жамбыл, Қызылорда облыстарына барып, күштік органдармен бірлесіп, прокуратураның қызметкерлерінің қатысуымен келелі кеңес өткіздім. Өткен аптада дәл сондай кеңесті менің орынбасарым Түркістан облысында өткізді. Мұның бәрі жалпы Оқу-ағарту министрлігінің алдында булинг мәселесін реттеу бүгінгі таңдағы өзекті проблема екенін айқындайды»,  деді министр. 

Мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды 

Еске салайық, Құлсары қаласында А.С. Пушкин атындағы №6 мектепте 10-сынып оқушысы мектепте балтамен өзге оқушыларды қуып, қауіп төндірген болатын. Бұл оқиғадан соң қызметтік тексеру жүргізіліп, оқу орнының басшысына қатаң сөгіс берілді. Ал келесі күні мектеп директоры қызметтен кету жөнінде өтініш беріп, бұл өтініш қанағаттандырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Төрт дүркін әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді

Оқиға • Бүгін, 12:59

Таразда бір ана екі баласын терезеден лақтырып жіберді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:50

Енді Ресейде жұмыс істеу қиындайды: Отандастарымыз үшін жаңа талаптар күшіне енбек

Оқиға • Бүгін, 12:44

Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:35

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Президент • Бүгін, 12:30

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Қоғам • Бүгін, 12:25

600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру: Өңір медицинасындағы былықтың беті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 12:20

Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?

Қоғам • Бүгін, 12:12

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға азайған

Медицина • Бүгін, 12:02

Оралдағы жапондық «Hitachi» турбинасының жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Қызылордада қауіпті шарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:50

Оқушы балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды

Білім • Бүгін, 11:42

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35

«Бизнесіңді жаптырамын»: Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Заң • Бүгін, 11:23

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Тұлға • Бүгін, 11:17

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью