Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға жұртшылықты алаңдатып қойды. 15 жасар оқушысы мектепке балта әкеліп, оқушыларға шабуыл жасап, екі бала жеңіл жарақат алса, оқиғадан кейін мектеп директоры жұмысынан босатылған.
Бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы комиссия шығатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Құлсарыдағы жағдай — мектептегі жалпы буллинг пен зорлық-зомбылық мәселесінің бір бөлігі ғана.
«Атырау облысының білім басқармасы мектеп директорын жұмысынан босатқаны туралы баяндады. Әрине, мектептептегі болып жатқан кез-келген балалар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, төбелес, әлімжеттік, дәл сондай келеңсіз нәрселерге басқарушылық тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да баға берілуі тиіс. Буллинг мәселесіне байланысты бүгінгі таңдағы заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты Атырау облысына оқиға болған және басқа мектептерге министрлік тарапынан арнайы комиссия барып зерделейтін болады» деді министр.
Сондай- ақ Ж. Сүлейменова тексерістің қорытындысы жарияланып, бастысы бұл проблеманы шешудің жолдары қарастырылатынын айтты. Жалпы педагог қоғамдастығы, білім басқармалары, ата-ана жауапкершіліктен тысқары қалмауы тиіс деп түйіндеді. Бүгінде облыс мектептерінде комиссияның келуіне байланысты әзірлік жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бүгін, 10:37