Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу.
Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар өз қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.
Сонымен қатар, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады. Челлендж-эстафетасына қатысушылар төмендегі хэштегтерді қолдана алады.
Қазақстанда Кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі.