Оқу ағарту министрлігі жекеменшік мектептердің жағдайына қатысты түсінік берді

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

- Қазіргі кезде Мемлекет басшысы қойған білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін реформалау және қаржыландырудың нақты критерийлерін әзірлеу жөніндегі тапсырманы ескере отырып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс бастады, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Министрлік жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тетігін қайта қараудың мынадай негізгі тәсілдерін әзірледі:
- жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізу;
- критерийлерге сәйкес өңірлердің оқушы орындарына деген қажеттілігін жабатын басым жекеменшік мектептерге ғана мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету, яғни мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр;
- жекеменшік мектептердің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне лицензиядан кейінгі бақылауды жүргізіледі. Бұл тұрғыда білім беру сапасын қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлармен жасақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына ерекше мән беріледі.

- Министрлік балалардың қауіпсіз, сапалы және заңға сәйкес жұмыс істейтін мектептерде білім алу құқығын қорғайды. Мақсат - жекеменшік мектеп жұмысын тоқтату немесе жабу емес, керісінше механизмді жетілдіру, тек нақты қажеттілікті жабатын мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру. Жаңадан ашылған жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий жарияланады. Тапсырысты алатын мектептер үш критерийге сәйкес анықталады: мемлекеттік мектептер болмаған жерлерде, үш ауысымдық мектептерді жою мақсатында, сондай-ақ апаттық жағдайдағы мектеп орнын ауыстыру үшін. Жекеменшік мектептердің жұмысын реттеу бойынша шаралар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе пысықталып жатыр, - деп аталып өткен Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінде.

Еске салсақ, жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жекеменшік мектептерді мемлекеттен қаржыландыру жүйесін реформалау керек екенін айтты. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью