Оқу ағарту министрлігінің мамандары үй аралап жүр ведомство мәлімдеме жасады

21.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Оқу-ағарту министрлігінің атынан белгісіз адамдар үй аралап жүр. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Желіде өздерін министрлік қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап жүрген видеосы тарады. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарып, ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке деректер немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдеді.

"Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен деректер талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ. Олардың алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеміз. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес", - дейді Оқу-ағарту министрлігі.

Министрлік мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды, ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруді ескертті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью