Оқу бағдарламасына қатысты маңызды шешім: пәндер біріктірілмейді

27.01.2026

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп бағдарламасына қатысты маңызды шешім қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бірқатар пәндерді біріктіруді көздеген реформа тоқтатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін физика, химия және биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары" курсына, алгебра мен геометрияны "Математика" пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» курсына біріктіру жоспарланған болатын. Алайда министрлік бұл бастамадан бас тартты.

"Физика, химия және биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары" курсына, алгебра мен геометрияны "Математика" пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды. Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндерді біріктірілмейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью