Оқу деңгейін анықтайтын жүйе

19.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Зерттеу жұмысы өт­кен жылдың қыр­кү­йегінде басталған. Ақы­ры ақпан айында Вирд­жиния штатындағы 28 мек­­теп­те іске асырылды. Нә­ти­­же­сінде, 100-ден астам мұға­лім оқушыларының білім дең­ге­йін бағалауға мүмкіндік алған. Жүйе оқушының сынақтан өту ықтималдылығын 99 пайыз дәл­дік­пен, ал жалпы нәтижесін 86 пайыз дәлдікпен болжаған. Сонымен қатар әр шәкірттің қызы­­ғу­шылығына қарай ұсы­ныс әзір­ленген.

«АҚШ мектептерінде жасанды интеллектіге күмән­мен қарайтын сарапшылардың бол­ғаны рас. Бірақ олар жұ­мы­­сымыздың нәти­жесін көріп, жо­бамызды жоғары баға­ла­ды», дейді Ә.Амангелді.

Осы жетістіктен кейін жоба авторы «Predictive Learning Insights» («Болжамды оқыту тал­даулары») атты білім техно­логияларына бағытталған ком­панияның құ­рыл­тай­шысы әрі президенті атанды. Бүгінде ол АҚШ-тың жұмыс визасын рәсімдеп жатыр.

Сонымен қатар Гарвард уни­вер­ситетінің түлегі 2022 жылы өзі негізін қалаған отан­дық «Tilu» ағылшын тілі мек­тебін басқаруды тоқтатқан жоқ. Биыл бұл жобаға да жасанды интеллект элементтері енгізіліп, жеке цифрлық плат­формасы іске қосылған. Осы­лайша, отандасымыз екі елдегі білім бастамаларын қатар дамытуға ниетті.

«Тіпті ең асқақ армандар да орындалады. Сондықтан биік мақсат қойып, оған жету үшін аянбай еңбек ету керек», дейді Гарвард түлегі.

Зарина ТАЙЛАҚ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью