Оқуға баулу өмірге баулу

05.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оқу-ағарту министрлігі Мек­тепке дейінгі білім беру депар­та­менті директорының міндетін ат­қарушы Г.Искакова жауабын­да Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұй­рығымен «Орта білім беру ұйым­дарына арналған жекелеген пән­дер бойынша оқулықтар мен ба­залық оқулықтардың, мектепке дейін­гі ұйымдарға, орта білім беру ұйым­дарына арнал­ған оқу-әдіс­темелік кешендер­дің (бұдан әрі – ОӘК), оның ішін­де электрондық нысандағы тіз­бе­сін балалардың жас ерекшелік­те­ріне қарай бас­шылыққа алынғаны туралы жа­зылған. Аталған нормативке сәйкес педагогке әдістемелік көмек ретін­де ОӘК, көркем әдебиет бо­йын­ша әдістемелік нұсқаулық, үлес­тірмелі материал, хрестоматия қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзы­рет­тіліктерін жоғарылату бағы­тын­да әдістемелік сүйе­мел­деу жұмы­сы, семинарлар, тренингтер, республика­лық конкурстар, білік­тілікті арттыру курс­тары, түсін­діру жұмыстары жүр­гізіліп жатыр
екен.

«Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын арттыру, олардың шығармашы­лық қабілеттері мен таным­дық қызығу­шылықтарын анық­тап, дамыту, дарын­ды балаларды қолдау мақ­сатында олимпиадалар мен бай­қаулар өткізіледі. Ы.Алтынсарин атын­дағы Ұлттық білім акаде­мия­­сы PIRLS критерийлері негі­зін­­де мұғалімдерге әдістемелік ұсы­­нымдар әзірлеп жатыр. Мем­ле­кет басшысының тапсырмасы аясында балалардың кітапқа құш­­­тарлығын арттыру және кітап­ха­наларды әдебиеттермен қам­­та­масыз ету мақсатында ­респуб­лика деңгейінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы жүзеге асы­рып келеді. Бағдарлама аясын­да Шым­кенттегі №145 мектепте «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі өткі­зіл­ген, сондай-ақ балалардың кани­кулдағы бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы­ көркем әдебиеттер тізімі мен әдіс­те­мелік гайдбуктер әзірленіп, білім беру ұйымдарына жолданды. Ұлт­тық кітап күні қарсаңын­да ұйым­дас­ты­рылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігіне рес­публика бойынша 1,3 млн адам қа­тысып, мәдени-ағартушылық іс-ша­ра­лар өткізілді», делінген хатта.

Жауап хатта жазылғандай, министр­лік білім алушылар­дың оқу сауат­тылығын арттыру ба­ғы­тында жүйелі жұмыс атқа­рылып жатқаны, бұл шаралар білім мазмұнын жаңартуды, оқу­лықтарды сапалы іріктеуді, бағалаудың заманауи тәсілдерін енгізуді қамтитыны айтылған.

Оқыту ісіне жауап жоғары ұйым осылайша балаларды ­газет-журнал, кітап оқуға баулитын нау­қандық іс-шаралар есебін бергендей болған. Ал біздің мақала­да сол балалар мен оқушыларды көркем әдебиет, ба­сылымдар оқуға баулитын тәр­биешілер мен мұғалімдер дағдысы­ның кемшін екені көрсетілен еді. Бұған қатысты жауапты атал­ған хаттан көзіміз шалмады. Газет оқымаған мамандар ұрпақты қалай тәрбиелемек? Деген­мен кері байланысқа бей­жай қарамаған министрлік өкіл­­де­ріне риза­шылығымызды біл­діре­міз. Бұл мәселені газет ұжы­мы алдағы уа­қытта да жіті назар­да ұстайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью