Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін айтып, ескерту жасады.
Министрлік талапкерлердің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын хабарлайды.
© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертеді
ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертеді
© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты
"Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады", - дейді министрлік.
Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана "Qyzmet police" ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.
Алайда, "Qyzmet police" ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді. Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз, дейді министрлік.