Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасындағы төбелес, әлімжеттік сияқты жағымсыз әрекеттерді дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне жедел хабарлау. Әділханның айтуынша, жүйе үнемі бейнежазба жасамайды. Камера тек күмәнді әрекет белгілері байқалған сәтте ғана автоматты түрде іске қосылады. Сол мезетте түсірілген ақпарат мектептің жауапты қызметкерлеріне бірден жіберіледі.
Өнертапқыштың жобасындағы ең маңызды тұстардың бірі – оқушылардың жеке өміріне қол сұқпау мәселесі. Ұсынылған камера адамдардың бейнесін нақты күйінде емес, арнайы өңдеу арқылы бейнені жалпыланған, тануға келмейтін пішінде көрсетеді. Яғни жүйе тұлғаны анықтауға немесе адамның дене бітімін айқындауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, құрылғы адам денесінің әдеп нормаларына қайшы келетін тұстарын түсірмейтіндей етіп бағдарламаланған. Бұл – балалардың ар-намысы мен жеке кеңістігін сақтауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі.
Жас өнертапқыштың жобасы бүгінде талқылау кезеңінде. Болашақта бұл бастама білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі заманауи бақылау жүйесін қалыптастыруға үлес қосуы мүмкін.
Айта кетейік, Қызылордада ауыл баласы ұялы телефонға арналған қауіпсіз жүйе ойлап тапты.