Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Гимназиада бағдарламасына таеквандо, жүзу және жеңіл атлетика секілді спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындығын көрсетіп отыр.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіФото: Оқу-ағарту министрлігі— Гимназиада — тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын, олардың бойында жігер, табандылық, тәртіп пен жеңіске деген құштарлықты қалыптастыратын маңызды алаң. Осындай ірі жарыстар арқылы оқушылар тәжірибе жинақтап, өзара достық қарым-қатынас орнатып, болашақта үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік алады, — делінген хабарламада.
Аталған додада жаттықтырушылардың еңбегі де ерекше. Олар жас спортшыларды тәрбиелеп, олардың спорт пен білімді қатар алып жүруіне бағыт-бағдар беріп келеді. Гимназиада-осы еңбектің нәтижесін көрсететін маңызды кезеңдердің бірі.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіАйта кету керек, мұндай республикалық деңгейдегі жарыстар дарынды жастарды анықтап, олардың кәсіби тұрғыда өсуіне серпін береді. Сонымен қатар, ел спортының дамуына үлес қосатын болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады.
Ал былтыр Қазақстан оқушылары ISF U-15 Жазғы гимназиадасында рекорд орнатқан болатын.