Оқушылар әзірлеген қосымша

10.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мұны кішкентай жүректен шыққан үлкен игілік деп атауға болатын шығар. Семей қаласында қазақтың екі қаршадай қызы көзі нашар көретін жандарға арналған мобильді қосымша әзірлеп, талайдың жүрегін еріксіз тебірентті.

Бүгінде цифрлық тех­нологияның адам өмірінің барлық саласына еніп, күнделікті күйбең тіршілікті жеңілдетіп жатқан игілігі аз емес. Бірақ нағыз прогресс – техникалық жетістік қана емес, адамға, әсіресе ерекше қажеттілігі бар жандарға пайдасы тигізуге тиіс. Жуырда Се­мей қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Айару Рақым­бекова мен Ақбота Мұратова «Helping Hand App» мобильді қосымшасын әзірлепті.

Бұл қосымша көру қабілеті төмен адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. «MIT App Inventor» платформасында жасалған жоба дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, пайдаланушыға күн­делікті тапсырмаларды орын­дауға көмектеседі екен. Интерфейсі қара­пайым, бас­қару жүйесі ыңғайлы. Те­лефонға QR-код арқылы оңай орнатылады.

– Бұл жоба біз үшін тек технологиялық тәжірибе емес. Біз ең алдымен адамдарға пайдасы тисін деп ойладық. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді оқушылар.

Жас өнертапқыштардың жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Айнұр Сар­ғызова шә­кірт­терінің ынтасы мен жауап­кершілігі жоғары екенін айтады.

– Олар ойға алғанын іске асыру үшін көп ізденді. Бағдар­­ла­малауды, интерфейс құ­руды, дыбыстық хабар­ла­малар жүйесін үйрен­ді. Мұн­дай жобалар бала­лар­дың адамгершілік пен жаңа­­шылдықты қатар ұстауға үйретеді, – дейді педагог.

Мұндай игі бастамаларды насихаттау – еліміздегі ғылым саласын дамытуға серпін беретіні рас. Өйткені біз кейде болымсыз нәрсені талқылап, шын мәнін­дегі ізгі істерді елемей жатамыз. Ал кішкентай болса да бір жаңалық ойлап тауып, өзгелердің өмірін же­ңіл­детуге талпынған балалар­­дың еңбегі бағалауға тұрар­лық.

 

Абай облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью