Оқушылар күзгі демалысқа шықты енді каникул тағы қашан болады

27.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Бүгін барлық мектепте оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталды. Ал оқушылар күзгі демалысқа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқу-ағарту министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Осылайша, мектеп оқушылары 7 күн демалады.

Бұдан кейінгі каникул қыста болады:

қысқы каникул — 29 желтоқсанна 7 қаңтарға дейін (10 күн);

1-сынып оқуқылары үшін қосымша каникул — 9-15 ақпан күндері (7 күн);

көктемгі каникул — 19-29 наурыз күндері (11 күн).

Ал 25 мамырда оқу жылы аяқталады.

Айта кетері, екінші тоқсан жаңа жылға дейін созылады. Үшінші тоқсанда оқушылар ең ұзақ уақыт -10 апта бойы оқиды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью