Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
- «Білім туралы» заңда ұялы телефонды сабақ процесінде пайдалануға тыйым салынғаны жазылған. Бұл тұрғыда жауапкершілік жауапкершілік ата-анаға жүктелген. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл 409-бапта осы жауапкершілік нормасы қарастырылған. Талаптар бұзылған жағдайда, Кодексте айыппұл сомасы көрсетілген. Егер бұл бірінші рет болса, ескерту беріледі. Ал тағы қайталынып жатса, айыппұл салынады, - деді М. Мелдебекова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Вице-министрдің айтуынша, әзірге бұл бап бойынша ата-аналарға айыппұл жазылмаған. Жалпы, аталған ережені бұзу әрекеті үшін 5 АЕК сомасында айыппұл ескерілген.
Еске сала кетсек, 2023 жылы оқушыларға сабақ үстінде телефон қарауға шектеуді қарастыратын заң талқыланды.