Оқушыларды тігін цехымен таныстырды

24.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еңбек адамы, ең алдымен, туған елі­нің жарқын келешегі үшін аянбай жұ­мыс істейтін адам екенін Мемлекет бас­­­­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өт­кен еді. Осы орайда «Әділет» партиясы ұйымдастырған экскурсия аясында оқу­шылар матаны дайындау, пішу, тігін ма­шиналарымен жұмыс істеу және өнім сапасын бақылау үдерісіне зер салды. 

Сондай-ақ олар кәсіпорындағы жаб­дықтармен танысып, тігін өндірісінде ең­бек етуді көздеген адамға қандай дағ­ды­лар қажет екенін ұғынды. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, мұндай экс­курсиялар жұмысшы мамандық­та­ры­мен тікелей танысуға мүмкіндік бере­ді.

– Әрбір дайын өнімнің артында ең­бек адамының білімі, тәжірибесі мен ше­берлігі тұрады. Сондықтан мұндай экс­курсиялар болашақта өз мамандығын таң­дайтын оқушылар үшін аса маңыз­ды, – деді «Әділет» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бас­шы­сы Қалия Төренова.

Өз кезегінде, цех қызметкерлері қан­дай жұмыс атқаратындарын айтып, оқу­шылармен ой бөлісті. Мәселен, тігінші Ирина Полховская осы салада 40 жыл­дан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның ай­туынша, осы жылдар аралығында құ­рал-жабдықтар мен технология ай­тарлықтай өзгергенімен, жұмыс сапасы әрдайым қызметкердің еңбегіне, оның білімі мен шеберлігіне байланысты бо­лып қала береді.

– Тәжірибе уақыт өте келе жиналады. Ең бастысы, адам өз жұмысын жақсы көруі керек. Қазір технологиялар кө­бей­ді. Алайда бұл мамандықта адам еңбегін еш­теңе алмастыра алмайды, – деді Ири­на Полховская.

Тігін цехында өткізілген экскур-сия – Еңбек күніне орай ұйымдас­ты­рыл­ған кәсіптік бағдар беру іс-шара­ла­рының алғашқысы. Апта соңына дейін түрлі мек­теп оқушылары тағы бір­қатар кә­сіп­орын мен өрт сөндіру бө­ліміне ба­ра­ды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью