Оқушыларға арналған Президенттік олимпиада басталды

19.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астана қаласында еліміздің 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиадасы өтуде, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Олимпиаданың мақсаты – математика, физика, химия және биология пәндерінен қабілетті және талантты оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай зияткерлік дамытуға және кәсіби бағдарлауға жағдай жасау. Сонымен қатар, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету көзделген.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезең – 2025 жылғы 6 қазанда өтті, оған 3544 оқушы қатысты. Ал екінші іріктеу кезеңіне 414 оқушы қатысып, екі кезеңнің нәтижесінде 201 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Финалдық дода 17-21 қараша аралығында жүреді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью