Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша «Халықаралық „Орал“ әуежайы» ЖШС-ның әрекеттерінде авиаотынды өткізу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды. Атап айтқанда, ЖШС авиаотынды өткізу барысында объективті және экономикалық негізделген себептерсіз әртүрлі бағаларды қолданған. Тергеп-тексеру нәтижесінде бір кезеңде жекелеген компаниялардың авиаотынды басқа нарық қатысушыларына қарағанда төмен бағамен сатып алғаны анықталды, — делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша Департамент тарапынан «Халықаралық „Орал“ әуежайы» ЖШС-ның атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.
Департаменттің хабарламасы орындалып, кәсіпорын тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Бұған дейін Семей әуежайы авиаотын бағасын негізсіз көтергені үшін жауапқа тартылғанын жазған едік.