Орал әуежайындағы мінез құлқы үшін шетелдікке айыппұл салынды

08.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Орал әуежайында көліктегі желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 52 жастағы шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Tengri Travel Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам "Ыстамбул - Орал" рейсі ұшып келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде анықталды. Ол бақылау залында балағат сөздер айтып, Қазақстанның атына тіл тигізетін пікірлер білдірген.

Полицейлер шетелдікті кезекші бөлімге жеткізіп, оған қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, Қазақстан заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Сот ер адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ болашақта мұндай әрекеттерді қайталамау туралы ескерту жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық әуежайларда әрбір жолаушы сақтауға міндетті бірқатар ереже бар. Мәселен, бомба, қару-жарақ және басқа да қауіпті заттар туралы қалжыңдамаған жөн. Бұдан бөлек, тексеру кезінде қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен жанжалдасуға немесе белгіленген ережелерге қатысты эмоцияға беріліп пікір білдіруге болмайды.

Тағы оқыңыз: Тыйым салынған заттар: Қазақстан әуежайларында жаңа маңызды ереже жарияланды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью