Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Салтанатты рәсімде келешекке жолдауы бар уақыт капсуласы салынды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жобаның стратегиялық маңызына тоқталды.
Фото: БҚО әкімдігіФото: БҚО әкімдігі— «Ақжайық» шағынауданы — 70 мың адамға есептелген жаңа заманауи тұрғын алабы. Мұнда барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған. Сондықтан көпір мен автожол салу — жай ғана қолайлылық мәселесі емес, бұл стратегиялық маңызды міндет. Биылдың өзінде мердігер компания жұмысқа кіріседі, құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланған, — деді Нариман Төреғалиев.
Бүгінгі таңда Зачаган кентінде 80 мыңнан астам адам тұрады. Қала орталығына көлік қатынасы жалғыз «Динамо» өткеліне тәуелді. Жаңа көпір пайдалануға берілгенде жүктеме азайып, кептеліс мәселесі толық шешілмек. Болашақта «Ақжайық» шағынауданында да халық саны артатынын ескерсек, бұл магистраль қаланың ең маңызды көлік күретамырына айналады.
Фото: БҚО әкімдігіТехникалық сипаттама бойынша көпірге апаратын I санатты жолдың ұзындығы 4 шақырымды, ал өткелдің ұзындығы 220 метрді құрайды. Мамандардың есебінше, бұл нысан тәулігіне 30 мыңға жуық көлікті өткізуге қауқарлы. Сонымен қатар, бұл жол «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» трассасына тікелей шығуға мүмкіндік беріп, өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады.
Қазіргі уақытта «Ақжайық» шағынауданында үш мыңнан астам адам қоныстанған. Келешекте мұнда ондаған көпқабатты тұрғын үйлер мен 60-қа жуық әлеуметтік нысан бой көтереді.