Орал тұрғыны пәтерін есірткі зертханасына айналдырған

23.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: polisia.kz

Оралда полиция есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер Орал қаласының тұрғыны пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырғанын анықтап, жойды.

Белгілі болғандай, күдікті пәтеріндегі бір бөлмені фитозертханаға айналдырып, жарықдиодты шамдар мен тыңайтқыштарды қолданып, құрамында есірткі заты бар қарасора өсімдіктерін заңсыз өсірген.

Санкцияланған тінту барысында қарасораның 11 түбі және 7 жас өскіні, сондай-ақ арнайы жабдықтар: шамдар, тыңайтқыштар, темекі шегуге арналған құралдар және кептірілген өсімдік тектес зат салынған пакеттер тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, өсімдіктердің тұқымын ол интернет дүкен арқылы сатып алған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бүгін, 09:53

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью