Оралда 103 жастағы ардагер Иван Гапичті соңғы сапарға шығарып салды

06.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оралда Қазақстанның "Халық қаһарманы", Ұлы Отан соғысы және прокуратура органдарының ардагері Иван Гапичпен қоштасу рәсімі өтті. Ол 103 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ардагерді соңғы сапарға шығарып салуға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жұртшылық, туған-туыстары мен жақындары келді.


Рәсімге Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев те қатысты. Бас прокурор Берік Асыловтың атынан Иван Гапичтің отбасына көңіл айтылды.

Жиында сөз сөйлеген Ғалымжан Қойгелдиев ардагердің есімі ерлік пен кәсібиліктің, мемлекетке қызмет етуге адалдықтың үлгісі ретінде прокуратура тарихында қалатынын атап өтті.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстандық құтқарушылар арнайы жарақталған Land Cruiser мінеді: ол туралы не белгілі?

Бүгін 08:10 1

Тілдер қалай жойылып кетеді және қазақ тілі алдында қандай сын-қатерлер бар?

03 тамыз 14:15 1

Иван Гапич Ұлы Отан соғысын бастан өткерген. Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін қызметін прокуратура органдарында жалғастырды. Жұмыс істеген жылдары басшылық лауазымдарды атқарған, соның ішінде Көкшетау облысының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Ол Мәскеуде өткен екі Жеңіс парадына – 1945 және 2010 жылдары қатысқан.

Иван Степанович 20 жылдан аса уақытын Батыс Қазақстан облысының прокуратурасындағы жұмысқа арнады. Әріптестері оны принципшіл, адал және талапшыл маман ретінде еске алады.

Иван Гапичке ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы берілген болатын.


Бас прокуратураның баспасөз қызметінен алынған фото

Иван Гапич 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысқан. Бүкіл соғысты бастан өткеріп, фашистік гарнизондар мен комендатураларды талқандаған, оқ-дәрілер мен азық-түлік қоймаларының көзін жойған жасақтың жауынгерлік операцияларына қатысқан. 1945 жылғы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы.

Қызыл Жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, "Құрмет" орденімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

2023 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Гапичтің үйіне барып, оны 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтаған болатын. Ал мамырда Мемлекет басшысы ардагерге "Халық қаһарманы" атағын берді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью