Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан 4000-нан астам жас жиналды.
Фото: БҚО әкімдігіФорум заманауи форматта ұйымдастырылып, Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасы саяси жүйеге, экономикаға және қоғамдық келісімге әсерін атап өтті. Қатысушылар референдумның маңызын қолдап, белсенді позиция танытуға дайын екендерін білдірді.
Фото: БҚО әкімдігіКештің әсерлі сәті – 2000 жарықшамнан құралған «таңдау» символы. Дронмен түсірілген көрініс жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады. Әлеуметтік желіде #БізҚолдаймыз хештегі кең қолдау тапты.
Мәдени бағдарламада Rafa, Алина Герц және хедлайнер Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.
Фото: БҚО әкімдігіФорум соңында мыңдаған жас «Атамекен» әнін бірге орындап, жаңа Конституцияны қолдайтынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын нақты көрсетті.
Фото: БҚО әкімдігі