Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Орал қаласындағы барлардың бірінде болған оқиғаның бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбасы желіде тарағаннан кейін, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында екі ер адамға қатысты заңсыз әрекеттердің жасалғаны бейнеленген жарияланым анықталды. Тексеріс кезінде оқиғаның ағымдағы жылдың 17 ақпанында Оралдағы ойын-сауық орындарының бірінде болғаны және екі ер адамның дене жарақатын алғаны расталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз әрекеттер жасаған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің тұлғасын анықтауға және оқиғаның барлық мән-жайын ашуға бағытталған қажетті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті соққыға жығылған екі ер адамның әрекетіне де құқықтық баға берілетінін атап өтті. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Бүгін, 16:00