Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
— Прокуратураның үйлестіруімен алимент бойынша 1 761 252 теңге берешегі бар және оны төлеуден жалтарған, соның ішінде жұмысқа орналасуға шаралар қабылдамаған борышкер анықталды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, — делінген хабарламада.
Жалпы, Орал қаласында Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 6 борышкер заң алдында жауап берді.
Сонымен қатар, алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 185 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 416 балалардың құқықтары қорғалды, сондай-ақ 288 борышкер жұмыспен қамтамасыз етілді.
Бұдан бұрын алимент төлеуден қашып жүрген такси жүргізушілері жаңа тәсілмен анықталатыны белгілі болды.