Оралда ауылдық округтерге 13 аталым бойынша қаржылай сертификат табысталды

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Пленарлық отырысқа облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай және өңірдегі атқарушы және өкілетті органдардың өкілдері қатысты. 

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қарашасында өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл әкімдері жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді. Облыс әкімі өз сөзінде Президент тапсырмаларының орындалу барысы мен ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

– Халықтың өмір сапасын арттыру – басты міндетіміз. Облыста кейінгі 3 жылда салынған 30 мектептің 22-сі ауылдарда бой көтерді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пайдалануға берілді. Барлық аудан орталықтары дене-шынықтыру сауықтыру кешендерімен қамтылды. 25 ауылда кітапхана жаңғыртылып, 2 аудандық кітапханаға жаңа ғимарат салынды. Аудан орталықтарын қоспағанда ауылдық елді мекендердің өзінде 1 800-ге жуық тұрғын үй салынды, - деді Нариман Төреғалиев.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мұндай жиындар ауылдық аумақтарды дамытуда маңызды екенін айтты. Ол мемлекеттік қызметшілерге қатысты заң жобасындағы жаңашылдықтарға тоқталды.

– Құжат мемлекеттік қызмет моделін жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңашылдықтың бірі – мансаптық өсудің жаңа тетіктері енгізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту көзделген. Атап айтқанда, артық жұмыс уақыты үшін өтемақы төлеу, қосымша ақылы демалыс беру және өмірлік жағдайларға байланысты қысқа мерзімді демалыс қарастырылған, - деді Дархан Медеғалиұлы.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ауыл әкімдері кооперацияларды дамыту, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тағы басқа басым бағыттар бойынша тәжірибелерін бөлісті. Әр саладағы үздік нәтижелер үшін ауылдық округтерге 13 аталым бойынша 10 млн теңгеден қаржылай сертификат табысталды. Белсенді азаматтар, меценаттар, кәсіпкерлер, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью