Оралда бір отбасының бес баласы газдан уланып, ауруханаға түсті

19.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желілерде бір отбасының бес баласы газдан уланып қалғаны жөнінде ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, улану туралы ақпарат жедел жәрдем қызметі арқылы 112 пультіне түскен.

БҚО Білім басқармасының мәліметінше, балалар қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Облыстық балалар ауруханасының дерегінше, уланған балалардың ең үлкені – 13 жаста, ал кенжесі – 2 жаста. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық, балалар дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью