Оралда ер адамдар балалар алаңында иттерді атып кеткен

13.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Видеодан алынған кадр

NewTimes.kz мәліметінше, видеоға жазылған пікірде «полицейлердің әрекетсіздіктері осындай жағдайға әкеледі, егер балаларды атып тастаса не болар еді», деп жазған.

Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады

Ал Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 12 шілдеде «102» қызметіне түскен хабарлама бойынша тіркелген. Орал қаласы тұрғынына қараусыз жүрген иттер шабуылдап, денесінің бірнеше тұсынан тістеген.

«Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жіберіліп, тиісті қызметтер келгенге дейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, іс-қимылды үйлестірді. Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіліп, кейін Орал қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады полиция.

Полицияның мәліметінше, кейін зардап шеккен азаматтың күйеу баласы қараусыз жануарларды аулаумен айналысатын ұйым мамандарын өздігінен шақырған.

Жануарлар туралы заң: Иесіз иттерге байланысты не өзгерді?

«Мамандандырылған ЖШС қызметкерлері арнайы ұйықтатқыш дротиктерді пайдаланып, жануарларды қозғалыссыз күйге түсіріп, кейін аулап әкетті», делінген хабарламада.

Полиция департаменті қараусыз жүрген жануарларды аулау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататынын еске салды.

Бұған дейін егер қожайыны бар ит адам өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін болса, оған жауапкершілік қарастырылатын норма енгізілген хабарланған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью