Оралда ер адамды фотосымен бопсалаған әйел ұсталды

14.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Оралда 31 жастағы әйел ер адамды бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Әйел ер адамды фотосуретті таратамын деп қорқытқан.

"Деректерді жария етпеу үшін 500 мың теңге талап еткен. Күдікті ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында ақшалай қаражат, сондай-ақ құқыққа қайшы қызметтің дәлелдері бар ұялы телефон тәркіленді", - дейді полиция.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью