Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматованың мәлім еткеніндей, аталған заң талабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс.
- Аталмыш компания биылғы бірінші тоқсанда картопты 30 пайыздан 56,7 пайызға дейін, пиязды 70, сәбізді 50-ден 100 пайызға дейін, қырыққабатты 76,9-дан 84,6 пайызға дейінгі сауда үстемелерімен сатқан. Кәсіпкердің бұл әрекеттері заңнама талаптарын өрескел бұзу болып есептеледі, - деді Э.Қиматова.
Оның айтуынша, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабы бойынша айыппұл салды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатындағы мұндай жұмыстар жалғасын табады. Осы орайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы баға белгілеудегі заңбузушылықтар бойынша жедел әрекет етіп, делдалдық буындарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өнім бағасын асырып сатқан кәсіпкерге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.