a:22:{s:2:"id";s:5:"55118";s:3:"url";s:103:"https://kaz.inform.kz/news/oralda-kudktler-bes-zhil-boyi-turgindarga-zansiz-shagin-nesie-bergen-624891/";s:5:"title";s:127:"Оралда күдіктілер бес жыл бойы тұрғындарға заңсыз шағын несие берген";s:4:"body";s:2138:"

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Палмановтың мәлім еткеніндей, күдіктілер бес жыл бойы «Тез ақша» брендімен филиал жүйелері арқылы азаматтармен 1,5 млрд астам теңге займ беруге келісім-шарт жасаған.

Оның сөзіне қарағанда, займдар бойынша пайыздарға күдіктілердің бірінің туысқанына тіркелген ЖШС-мен консультациялық қызмет көрсету туралы бөлек келісім жасалған.

- Займ алушылар консультациялық қызмет деген желеумен күніне 1,5 пайыз төлеп отырған. Бұл 0,3 пайыз түріндегі шекті мөлшерлемеден 5 есе асып түседі. 1,5 млрд астам теңгеге барлығы 47 мың келісім-шарт жасалған. Қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді М.Палманов.

Оның айтуынша, қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру үшін тұрғындардың одан жан-жақты хабардар болуы маңызды. Заңсыз шағын несие ұйымдары азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да экономикалық қылмыстар бойынша келтірілген залал көлемі 1,6 млрд теңгеден асқанын жазған едік.

";s:5:"image";s:85:"https://qazaq24.com/media/photos/24_01_2026/2a9c443a-4229-41ef-9150-e90bd3fd5fd6.webp";s:4:"time";s:10:"1769241789";s:7:"page_id";s:3:"338";s:4:"slug";s:76:"oralda-kudiktiler-bes-zhyl-bojy-turgyndarga-zansyz-shagyn-nesie-bergen-55118";s:4:"hits";s:2:"90";s:5:"likes";s:1:"0";s:6:"access";s:1:"1";s:6:"delete";s:1:"0";s:4:"lang";s:2:"kz";s:6:"golink";s:1:"0";s:22:"auto_posting_social_fb";s:1:"0";s:22:"auto_posting_social_vk";s:1:"0";s:22:"auto_posting_social_tw";s:1:"0";s:22:"auto_posting_social_tg";s:1:"0";s:4:"tags";s:533:"шағын несие,теңге займ,тергеу басқармасы,тергеп тексеру,тексеру департаменті,сөзіне қарағанда,сотқа жолданды,сала кетейік,пайыздарға күдіктілердің,пайыз төлеп,пайыз түріндегі,отырған бұл,одан жан,млрд астам,көлемі млрд,күдіктілер бес,консультациялық қызмет,келісім шарт,жыл бойы,бес жыл";s:8:"category";N;s:4:"page";a:12:{s:2:"id";s:3:"338";s:4:"name";s:21:"https://kaz.inform.kz";s:7:"favicon";s:76:"https://qazaq24.com/media/photos/09_10_2025/file_68e7d24d75f2d4.53910342.png";s:4:"time";s:10:"1760023120";s:8:"body_tag";s:18:"article__body-text";s:5:"title";s:9:"Inform.KZ";s:4:"lang";s:2:"kz";s:4:"slug";s:9:"inform-kz";s:7:"parsing";s:1:"1";s:6:"access";s:1:"1";s:8:"anti_tag";s:0:"";s:12:"favicon_name";s:43:"09_10_2025/file_68e7d24d75f2d4.53910342.png";}s:10:"image_name";s:52:"24_01_2026/2a9c443a-4229-41ef-9150-e90bd3fd5fd6.webp";} Оралда күдіктілер бес жыл бойы тұрғындарға заңсыз шағын несие берген | Qazaq24.com

Оралда күдіктілер бес жыл бойы тұрғындарға заңсыз шағын несие берген

24.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Палмановтың мәлім еткеніндей, күдіктілер бес жыл бойы «Тез ақша» брендімен филиал жүйелері арқылы азаматтармен 1,5 млрд астам теңге займ беруге келісім-шарт жасаған.

Оның сөзіне қарағанда, займдар бойынша пайыздарға күдіктілердің бірінің туысқанына тіркелген ЖШС-мен консультациялық қызмет көрсету туралы бөлек келісім жасалған.

- Займ алушылар консультациялық қызмет деген желеумен күніне 1,5 пайыз төлеп отырған. Бұл 0,3 пайыз түріндегі шекті мөлшерлемеден 5 есе асып түседі. 1,5 млрд астам теңгеге барлығы 47 мың келісім-шарт жасалған. Қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді М.Палманов.

Оның айтуынша, қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру үшін тұрғындардың одан жан-жақты хабардар болуы маңызды. Заңсыз шағын несие ұйымдары азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да экономикалық қылмыстар бойынша келтірілген залал көлемі 1,6 млрд теңгеден асқанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью