Оралда науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген: Аурухана 4 млн теңге өтемақы төлейді

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Орал қаласының №2 соты 58 жастағы тұрғынның қайтыс болуына байланысты қозғалған азаматтық істі қарап, талап қоюшының пайдасына 4 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, марқұм бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Алайда медицина қызметкерлері оны мас деп болжап, қажетті тексерулер жүргізбеген. Сонымен қатар оның ағзасындағы алкоголь мөлшерін анықтау үшін зерттеу де жасалмаған.

Тек Денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына шағым түскеннен кейін ғана науқас ауруханаға жатқызылып, оған ишемиялық инсульт диагнозы қойылған. Басталған емге қарамастан, ол келесі күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді

Кейіннен Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті жүргізген тексеріс барысында науқасқа медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Марқұмның ұлы әкесінің өліміне медицина қызметкерлерінің әрекеті мен әрекетсіздігі себеп болды деп есептеп, аурухана мен емдеуші дәрігерден моральдық зиянды өтеуді талап етіп сотқа жүгінген.

Сот ұсынылған дәлелдер мен істің мән-жайын зерделей келе, медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуі науқастың өмірін сақтап қалудың нақты мүмкіндігін азайтқан деген қорытындыға келді. Сондай-ақ әкесінен айырылған талап қоюшының ауыр моральдық күйзеліске ұшырағанын ескеріп, талапты ішінара қанағаттандырды.

Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақы көлемі өсуі мүмкін

Нәтижесінде сот шешімімен ауруханадан талап қоюшының пайдасына 4 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью