Оралда педагог 5 мектепте 64 сағатқа дейін жүктемемен жұмыс істеген

13.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Аталмыш бөлімнің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, мониторинг нәтижесінде кейбір мұғалімдердің бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеп, аптасына 64 сағатқа дейін жүктеме алғаны белгілі болды. 

Бұл белгіленген 16 сағаттық нормадан 4 есе көп. Мұндай жағдай олардың жалақысын арттыруға мүмкіндік берген, өйткені еңбекақы жұмыс істеген сағат санына қарай есептеледі.

Кейбір жағдайларда бірнеше мектептегі сабақ кестелері бір-бірімен қатар келуі орын алған. Мектептер арасындағы қашықтық 15-25 шақырым болуы аса назар аудартады және жағдайды күрделендіреді. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бір оқу жылы ішінде шамамен 100–170 сабақтың өткізілмей қалу қаупі бар.

— Аталған деректер ҚР Еңбек кодексінің, сондай-ақ «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарының өрескел бұзылуын туғызып отыр. Осыған байланысты еңбек тәртібінің бұзылуы педагог мәртебесіне нұқсан келтіріп, білім беру үдерісінің сапасына кері әсер етеді. Анықталған деректер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау және құқықтық баға беру үшін уәкілетті органдарға жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі басқарудың цифрлық әдістерін қолданып, оқу жоспарларын, педагогтердің жүктемесін және олардың орындалуын терең талдауға мүмкіндік алып отыр. Әр мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар педагогтер мен қызметкерлердің жұмыс тәртібін бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелері де іске қосылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірімнің соққыға жығылуына байланысты мектеп директоры қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью