Оралда қалаға кіріп кеткен елік бейнежазбаға түсіп қалды

06.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, оқиға 5 ақпан күні болған.

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Желаев трассасы бойындағы «Бүркіт» жанар-жағар май станциясы маңындағы қоршау торына еліктің қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. 

– Орманшылар келгенге дейін жанар-жағар май станциясы қызметкерлері елікті босатқан. Содан кейін орман шаруашылығы қызметкерлері жануарды орманға дейін шығарып салды. Еліктің қалаға кіруінің нақты себебін айту қиын. Бұралқы иттерден қашуы мүмкін, қалың қарға байланысты да осындай жағдайға тап болуы ықтимал. Қала аумағында жабайы жануарды көрген тұрғындар аталмыш мекемеге, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына және БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарласа алады, - деді Н.Рахымжанов. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киік ауланғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью