Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Аймаққа іссапармен барған Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жаңғырту жұмыстарын тексерді.
Фото: БҚО әкімдігіЖерасты сулары кен орнының сужинағыш құрылыстарын қайта құру жобасына сәйкес, тәулігіне 35 мың текше метр су алуға мүмкіндік туады. Нысан іске қосылғанда 360 мың абонентті қамтуға қауқарлы, яғни оралдықтар тіршілік нәрінен тапшылық көрмейді деген сөз. Қала халқы үшін маңызды жоба қаржылық жағдайға байланысты кестеден кешігуі мүмкін. Ермек Маржықпаев мәселені уәкілетті органдарға жеткізуге, назарда ұстауға уәде берді.
Фото: БҚО әкімдігіҮкімет басшысының кеңесшісі коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңарту жұмыстарына да зер салды. Өңірде су, кәріз және жылу жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Кейінгі 3 жылда 10,5 млрд теңгеге 4 ірі кәріз-сорғы стансасы толық жаңғыртылып, 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды.
Фото: БҚО әкімдігіЕрмек Маржықпаевқа қаладағы № 1, № 18А, № 29 кәріз сорғы стансаларының ғимараттарын қайта құру жобаларының барысы таныстырылды. Үш жоба да жылу маусымына дейін толық аяқталмақ.
Фото: БҚО әкімдігіӨңірде электрмен жабдықтау саласында 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. 2 жаңа қосалқы станса мен өндірістік жөндеу базасы салынды. Бүгінде 138 шақырым электр желілері жаңғыртылып жатыр. Оның аясында «Зачаган-Переметный», «Переметный-Тасқала» және «Чапаев-Қабыршақты» бағыттарында 110 кВ әуе желісі тартылып, елді мекендер сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Қазір 2 кезең аяқталып, үшінші учаскеде жұмыстар жүріп жатыр.
Фото: БҚО әкімдігі800 тіректің 550-і, сондай-ақ оқшаулағыштар орнатылған. Жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 75,4 пайызға төмендеді.
Фото: БҚО әкімдігіЕрмек Маржықпаев атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, коммуналдық сектордың сенімділігін жаңа деңгейге көтеретінін айтып, маңызды жобалар Үкімет бақылауында болытынын жеткізді.