Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оны көбі біле бермейді, интернетте де ақпарат аз. Ол музейде қазақтың батыр қызы қаза тапқан Невель жеріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер сақталған. Sputnik Қазақстан тілшісі Орал ақпараттық технологиялар колледжінде болып, студенттердің бастамасымен ашылған музейді көріп қайтты.
Шәкірттердің бастамасы қалай іске асты
Биыл колледждегі мұражайдың ашылғанына 9 жыл толып отыр.
© Sputnik
Орал ақпараттық технологиялар колледжінің "Жігер" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Марат Аққалиевтің айтуынша, мұражайдың ашылуына Николай Любавин, Павел Волкодавский, Антон Беляев, Павел Чернов сияқты шәкірттердің бастамасы түрткі болған. Олар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстанда жасақталған 100-ші және 101-ші атқыштар дивизиялары туралы мәлімет жинаған. Одан кейін қанды шайқастар болған жерлерді көріп қайтуды ұсынды. Осы бастаманың нәтижесінде 2015 жылы алғаш рет "Орал-Ржев-Великие Луки – Невель-Новосокольники" автошеруі ұйымдастырылған болатын.
1/11

© Sputnik . Арман Асқар
"Сол кезде біз Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа ата-бабаларымыз соғысқан жерлерді көріп қайттық. Артынан Невель қаласындағы "Гвоздика" іздестіру тобымен таныстық. Олар жыл сайын екі рет еске алу вахтасын өткізеді. Мектеп оқушыларын да шақырады. Дәл осы іздестіру тобы бізге көп нәрсені үйретті. Бірлесіп қазба жұмыстарын да өткіздік", - дейді Мағзұмұлы.
2/11

Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайдың бұрынғы директоры Светлана Бектенова да көп үлес қосты. Ал 2017 жылы колледжің сол кездегі Александр Гладков шағын музейді ашуға ұсыныс жасады.
3/11

"Александр Германович біз алып келген тарихи жәдігерлерді көріп, колледжде мұражай ашайық деді. Осылайша, қазіргі жастар ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпасын деп, Мәншүк Мәметовның 95 жылдығына орай осы мұражайды аштық. Бұл жерде тұрған тарихи жәдігерлерді балалардың өздері тапқан, кейбір экспонаттарды бізге сыйға берген", - деп атап көрсетті Аққалиев.
4/11

Мәншүк Мәметова қаза тапқан жердегі қазба жұмыстары кезінде табылған ППШ автоматы да мұражайдың төрінде тұр. Ал қабырғада – соғыс картасының көшірмесі.
5/11

Соғыс жылдары ата-бабаларымыз зеңбіректің оқсауытынан майшам жасаған. Мұражайда соның түпнұсқалары қойылған.
6/11

Сыйға тартылған жәдігерлердің ішінде Жәнібек ауданында құлаған неміс ұшағының қалдықтары бар. Каскалардың арасында "халхинголканы" да көруге болады.
7/11

Қазба жұмыстары кезінде неміс әскерінің қару-жарақтары да табылған. Олар - "Маузер" винтовкасының сүңгі-пышағы, неміс пулеметінің бекітпесі, балта, сапер күрегі және тағы басқа әскери заттар.
8/11

Осы жәдігерлерге қарап, неміс әскерінің дайындығы да байқалады. Мәселен, сапер күрегін бүктеп, салып алуға мүмкіндік болған. Ал балтаның желкесінде шеге жұлғыш қарастырылған. Ал белді ауыртпау үшін миномет таситын құрылғыларды пайдаланған.
9/11

Қазақтың қайсар қызы қаза тапқан жерден пулемет те табылған. 2016 жылы ресейліктер оны колледж студенттеріне салтанатты түрде тапсырған болатын.
"Біз оны Қазақстанға алып келіп, Астанадағы әскери-тарихи музейге табыстауға шешім қабылдадық. Сол жаққа беріп жібердік. Енді, Мәншүк апамыз дәл осы пулеметтен атты деп, нақты айта алмаймыз. Бірақ пулемет ұңғысы Мәншүк Мәметова қаза тапқан жерден табылды", - дейді Марат
10/11

Бүгінде колледж мұражайында жыл сайын Мәншүк Мәметовның туған және қаза тапқан күндері, 7 мамыр мен 9 мамырда, сондай-ақ, Республика күні қарсаңында ерлік сабақтары ұйымдастырылады. Қонақтар да жиі келеді.
Марат Ізімғалиұлыа мұражайды кеңейтуге мүдделі. Ал жастарды ата-балаларымыз соғысқан жерге жиі апару керек дейді. Сонда батырлардың есімі ұмытылмайды. Бірақ қазба жұмыстарына жиі баруға мүмкіндік бола бермейді. Себебі қаржы мәселесі көп жағдайда қолбайлау болып отырады.
11/11