Оралда төтенше жағдай жарияланды

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: mgorod.kz

Оның айтуынша, өрт 27 шілде күні сағат 14:30 шамасында тұтанған. Ауа райының аптап ыстығы мен желдің күшеюі салдарынан тілсіз жау тез таралған.

Батыс Қазақстан облысында екі орман өрті тіркелді

Қазіргі таңда өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, коммуналдық мекемелер мен құрылыс компанияларының 40-50 арнайы техникасы жұмылдырылған.

«Полигонның жалпы аумағы – 35 гектарды құрайды. Оның 13 гектарында өрт шықты. Қазір 3 гектардағы өрт толық сөндірілді, ал шамамен 10 гектар аумақта ашық жалын болмаса да, қалдықтар әлі бықсып жатыр», деді Жандос Дүйсенғалиев.

Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді

Әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдай режимі өрт толық оқшауланғанға дейін күшінде болады. Бұл шешім арнайы техниканы жанармаймен қамтамасыз ету және өрт сөндірушілердің жұмысын жедел ұйымдастыру үшін қабылданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласындағы Хан тоғайы ауданындағы орман алқабында шыққан өрт салдарынан қаланы қалың түтін басқан еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью