Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен жалпыхалықтық фестиваль өтті

22.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен «Oral Winter Fest – 2026» атты жалпыхалықтық фестиваль өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі күнге созылған фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, облыс тарихындағы айтулы спорттық оқиғалардың біріне айналды. Фестиваль аясында ұлттық, экстремалдық және дәстүрлі қысқы спорт түрлері барынша қамтылды. Атап айтқанда, тазы жарысы, жамбы ату, автодрифт, ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы жарысы, балаларға арналған сырғанау, коньки тебу, керлинг, қысқы баскетбол және өзге де спорт түрлері көпшілік назарына ұсынылды. Соның ішінде Орал өңірінде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған тың бағыт – шаңғымен жамбы ату сайысы да қызықты өтті.

Фестиваль аясында құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XIX чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық сайыпқыран қатысты. Ителігі мен бүркіт, қыран мен қаршыға баптаған құсбегілер осы фестивальдің көркіне айналды. Ақжайық төрінде ұлттық саят өнерінің туы желбіреді.

Чемпионаттың ашылу салтанатына құсбегілік федерациясының вице-президенті, осы салаға 30 жылға жуық ғұмырын арнаған этнограф Бағдат Мүптекеқызы, құсбегіліктен аға жаттықтырушы, федерацияның атқарушы директоры Базарбек Күнтуған сынды мамандар арнайы келді. Меймандарға Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов лайықты құрмет көрсетті.

Алғашқы күні фестивальге 1000-ға жуық қатысушы тіркелсе, екінші күні бұл көрсеткіш 4000-нан асып кетті. Бүлдіршін баладан ақсақал қарияға дейін келіп, спорт алаңына шығып, қысқы думанның қызығына бөленді. Айрықша атап өтерлігі, фестиваль аясындағы барлық спорт түрлері қала тұрғындары үшін тегін ұйымдастырылды. Бұл – бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі бастама болды.

Сонымен, фестиваль аясында өткен керлинг сайысынан Гүлжанат Төлеген мен Арман Кеншелеков жүлдегер атанды. Тазылар сайысында Эльдар Бегалиевтің «Көкжалы» - 1 орын алса, Жомарт Ғаппаровтың «Айқасы» - екінші, Айболат Төлегеновтің «Сырттаны» - үшінші орынға лайық деп танылды. Дәстүрлі садақ атудан Әсемгүл Ғалымжанова мен Рустам Аманғалиев үздік мерген атанды. Жамбы ату сайысынан Арман Жулкалиевтің жебесі нысананы жұлып түсті. Шаңғы жарысында 8 жастағы Қазболат Ерманов «Ең жас қатысушы» атанса, Бекет Құрманғазы «Ең үздік техника» иесі атанды.

«Oral Winter Fest – 2026» – ұлттық дәстүр мен заманауи спортты ұштастырған, қысқы спорт мәдениетін жаңа белеске көтерген тағылымды шара ретінде ел жадында қалары сөзсіз. Бұл фестиваль – бірлік пен белсенділіктің, сергектік пен серпіннің символына айналды. Әрі өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға серпін беріп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік ашты», дейді Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Қазақстан • Бүгін, 09:40

22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Ата заң • Кеше

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Ата заң • Кеше

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Кеше

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Кеше

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Кеше

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Кеше

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Кеше

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Кеше

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Кеше

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью