Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында екі бала ажалдан аман қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Осы уақытта ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Армат Абылғалиев үйінде болған. Кіреберістен көмек сұраған дауыстарды ести сала, ол дереу пәтерінен сыртқа шықты.
Баспалдақ алаңында әскери қызметші қатты қорқып тұрған баланы кездестірді. Бала бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, ішінде екі інісі қалып қойғанын айтты.
Уақыт жоғалтпай, ұландық бесінші қабатқа көтерілді. Қалың түтінге қарамастан, ол пәтерге кіріп, іште қалған балаларды тауып, оларды қауіпсіз жерге алып шықты.
Балаларды құтқарғаннан кейін әскери қызметші болған оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлап, көршілерден көмек сұрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар оттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдады. Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері өрт ошағын ауыздықтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.