Оралда жатақханадан ер адамның мәйіті табылды

16.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Оралда жатақхана өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

15 наурызда Чурин көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шықты. Ғимараттан 40 адам, оның ішінде 5 бала өз бетінше эвакуацияланды.

"Өртті сөндіру барысында газдан улану белгілері бар 1969 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртке төсекте темекі шегу себеп болған. Тілсіз жауды оқшаулауға департаменттің 18 жеке құрамы мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды", - дейді өрт сөндірушілер.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстанда 123 өрт тіркеліп, оның салдарынан 9 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш өскен: өрт 14 жағдайға, қаза болғандар саны 8 адамға, ал жарақат алғандар саны 1 адамға артқан.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью