Оралдағы халықаралық жыр додасы

06.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, мемлекет қайраткері Мұс­тақым Ықсановтың 100 жыл­дығына арналған «Ел үшін туған ер еді...» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтыс Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы академиялық филармония мен Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Сөз сайысына көршілес Қырғыз республикасынан, сонымен қатар, еліміздің бірқатар облысынан және батысқазақстандық жергілікті ақындар қатысты.

Айтыстың қазылар алқасына «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» басқарма төрағасы, қоғам қайраткері, ақын Жүрсін Ерман төрағалық етті.

Ал айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Аманжол Әлтай жүргізіп отырды.

Сонымен, қазылар алқасының шеші­мімен Павлодар облысының атынан келген ақын Аспанбек Шұғатай мен бөкейордалық Жансая Мусина айтыстың Бас жүлдесін бөлісіп алды.

І орын Қызылорда облысының намысын қорғаған Мейірбек Сұлтанханға бұйырды. ІІ орынға шымкенттік Нұрлан Есенқұлов лайық деп танылды.

Ал Қырғыз республикасынан келген Арген Биймырза уулу, жымпитылық Бауыржан Ширмединұлы, Ақтөбе облысынан келген Аруна Керімбек халықаралық айтыстың ІІІ орын жүлде­сіне ие болды.

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью