Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, қар сынамаларына химиялық талдау жүргізіліп, оның нәтижелері белгілі болды.
Талдау қорытындыларына сәйкес қалқымалы өлшемелі заттар мен хлоридтер мөлшері – 1,6 есе, сульфаттар – 2,2, мұнай өнімдері 2,4 есеге шамадан тыс асып кеткені анықталды.
– Бұл қала көшелері мен оның маңындағы аумақтардан шығарылған қарда пайда болған ластаушы заттардың жиналуынан туындауы мүмкін. Қалқымалы өлшемелі заттар мен мұнай өнімдерінің жоғары мөлшері автокөліктің әсеріне байланысты. Ал хлоридтер мен сульфаттардың шамадан тыс асып кетуі қар мен мұзға қарсы реагенттердің қолданылуынан болуы ықтимал, - делінген ресми мәліметте.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғындар қардың су қорғау аумағына төгіліп жатқаны туралы дабыл қаққанын жазған едік.
Сондай-ақ қардың су қорғау аумағына шығарылуына байланысты әкімдікке айыппұл салынды. Осы мәселеге орай Орал қаласы әкімдігі Шаған өзеніндегі аталған су қорғау аумағына тек таза қардың шығарылатынын алға тартқан болатын.