Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Орал қаласындағы жылу электр орталығында жапондық «Hitachi» компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қуаты 28 МВт болатын газ турбиналық қондырғы осыдан 20 жыл бұрын орнатылған еді. 2019 жылы жоспарлы инспекциялық тексеріс жүргізілгенімен, техникалық жөндеу жұмысы кестеден кешікті. Маңызды мәселе облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей араласқан соң оңынан шешілді. 2023 жылы аймақ басшысы бастаған делегация Жапония елінде болып, турбинаны өндіруші зауыттың өкілдерімен делдалсыз дидарласты. Қос тарап қондырғының қосалқы бөлшектерін дайындау және жеткізу бойынша келісімшарт жасасты. Нәтижесінде атыраулық компания турбинаны күрделі жөндеуден өткізді.
Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды
Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту тапсырма аясында кейінгі екі жылда бұл салаға бюджеттен 15,6 млрд теңге бөлінген екен. 2035 жылға дейінгі іс-әрекет жоспарланған, 32 жобадан тұратын Жол картасы қабылданды. Сөйтіп, облыста сорғы стансалары, жаңа қазандықтар салынып, Орал қаласының негізгі жылу магистральдары жаңартылды. Қазіргі уақытта №6 және №7 жылу желісін жаңғырту бойынша да ауқымды жұмыс жүріп жатыр.
«Күні кеше «WEST OIL» компаниясының өкілдерімен кездесіп, маңызды жобаларды пысықтадым. Болашақта қаланы сумен және жылумен жабдықтау жүйесі толық автоматтандырылады. Басқару орталығы осы мекемеде орналасып, мамандар тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Мұндай цифрлық шешім кез келген ақауды жедел анықтап, коммуналдық кәсіпорындардың үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», дейді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Бұл атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, коммуналдық сектордың сенімділігін жаңа деңгейге көтереді.
Тоқаев бірнеше жылу электр станциясына «таза көмір» технологиясын енгізуді тапсырды
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада қауіпті шарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Оқушы балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Білім • Бүгін, 11:42
Астана қаласының прокуроры ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:35
«Бизнесіңді жаптырамын»: Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Заң • Бүгін, 11:23
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Тұлға • Бүгін, 11:17
Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:03
Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Күрес • Бүгін, 10:52
Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:32
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:22
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 10:13
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды
Әлем • Бүгін, 09:59
Жаяу жүргінші өткеліндегі қаза: Павлодарлық тұрғындар бағдаршам талап етіп отыр
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:47
Сауда • Бүгін, 09:42