Оралдың Жайығы бірінші лиганың беташар ойынын жеңіспен ашты

03.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өткен жылы екінші лигада ойнап, бірінші топқа жолдама алған Оралдың «Жайығы» жаңа маусымдағы алғашқы матчын сырт алаңда «Арыспен» өткізді.

Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. 29-минутта «Жайықтың» жартылай қорғаушысы Темірлан Үмбетов алыстан айып добын дәл орындай білді. Бұл биылғы маусымда бірінші лигадағы алғашқы гол еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бірінші лига (@birinshiliga)

Осылайша, оралдық маман Вячеслав Невольниковтің шәкірттері чемпионатты сәтті бастап, бастапқы үш ұпайға ие болды.

«Жайық» негізінен жергілікті футболшыларға үміт артып отыр. Олардың қатарында тәжірибелі ойыншылармен қатар жастар да бар. 

Оралдықтар өз алаңындағы бірінші матчын 8 сәуір күні Қазақстан кубогы үшін Алматының «Қайратымен» өткізеді. Содан кейін 16 сәуірде бірінші лигада «Астана Ж» командасын қабылдайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» футбол клубының бірінші лигаға жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ жекешелендірілген «Жайық» футбол клубында нендей өзгерістер бар екені хабарланды.

«Тұран» футболдан бірінші лига ойындарын сәтсіз бастады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью