Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Оралдық апалы-сіңлілі екі қыздың балалық реніші күтпеген жерден фильмдегі көрініске ұқсап кетті. Баяулатылған видео 18 миллионға жуық қаралым жинап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Tengri Life.
Хитқа айналған видео және әлеуметтік желінің реакциясы
Бейнежазбадан үлкені Іңкәрдің телефонға видео түсірмек болғанын, бірақ кішісі Махаббат камераны байқап қалып, түскісі келгенін көруге болады. Ол камераның алдына келіп тұрып алып, артқы пландағы көріністі толық жауып тастайды. Бұған шыдамаған әпкесі сіңлісіне дауыс көтеріп бірдеңе айтады, содан кейін кішкентай қыз ренжіп, жылап жібереді.
Баяулатылған түсірілімнің арқасында балалардың өзара реніші күтпеген жерден шынайы драмалық сахнаға - өкпе-реніш, көз жасы және кинематографиялық экшнге айналды.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Видео 18 миллионға жуық қаралым жинады. Кіші сіңлісінің эмоционалды реакциясы бейнеленген ерекше көрініс желі қолданушыларының көптеген пікірін тудырды.
Отбасы не дейді?"Нағыз боевик", "Ұлы актер дүниеге келіпті", "Неге ол соншалықты кинематографиялық стильде жылайды?", "Тізерлеп құлауы нағыз драма, сосын Витас сияқты", "Тіпті жылау үшін әдейі тізерлеп отырды", - деп жазды желі қолданушылары.
Біз оралдық қыздардың анасы Миланамен байланыстық. Оның айтуынша, Іңкәр 12 жаста, биыл 7-сыныпқа барады, ал сіңлісі Махаббат 2 жас 6 айда.
"Үлкен қызымның арманы көп. Ол не биші, не стоматолог болғысы келеді. Мінезі өте тәртіпті және сәл ұялшақтау. Видеоның бұлайша тарап кеткеніне таңғалдық", - деді ол.
Анасының айтуынша, үлкен қызы қазір видеоның күтпеген танымалдылығына таңғалып, оны жиі қайталап көреді. Апалы-сіңлілі бұл сәтті қызығушылықпен қайта-қайта тамашалайды.
Дегенмен алда оқу жылы басталады, сондықтан үлкен қызы енді сабағына көңіл бөледі, ал видеоның танымалдылығы отбасы үшін естелік болып қалмақ.
Тағы оқыңыз: Ата-анасы ұлының арманын орындап, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу