Оралхан арманы орындалып келеді

14.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Өрнек ауылының тұсынан өткен сайын Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі ойға оралады. Тау бөктеріндегі ауылға жалғыз аяқ соқпақпен бұрымы қар сызып, Арай кетіп бара жатқандай көрінеді...

Суретті түсірген – автор

Күре жолдан үш шақырым жердегі ауылдан сол баяғы тоқсаныншы жылдары тұрғындары үдере көшкен. Қазір айналасы он шақты үй отыр. Тіршілік көзі – төрт түлік. Былтырлары ғана туризм түрен сала бастады. Әйтпесе елеусіз ауылдың әлеуеті құлдырай берген. Оралхан да Өрнекті Өркен деп алып, қасқырға жем болған қыз арқылы ауылдың жай-жапсары, жағ­дайын көрсеткісі келсе керек. Мал­шы­лардың ауылына автобустың бұ­рылмайтынын астарлай жеткізіп, ар­ғы жағындағы Новостройканы асфальты бар ауыл ретінде суреттеген. Шындық сол еді. Оның үстіне, асфальтты ауылдың шошқасы да көп-тұғын. Іссапарға шыққан журналист жігіт те сол ауыл туралы жазбақ. Иә, бір кездері проблемаға көз жұма қарап, өрге басқан ауылдарды ғана жазуға құштар еді ғой. Әңгімедегі қыздың қасқырға жем болғаны туралы эпизод өмірде болған. Алайда, дәл осы тұста емес көрінеді. Жазушы сол оқиғаның айналасында астарлап ойын жеткізгісі келді. Жеткізді де.

Шығарманы оқып отырсаңыз, журналист жігіт бағыт алған аудан Үлгілі деп аталады. Кеңестік ұранмен қойылған атау. «Тегі, мен бағыт алған Үлгілі ауданның басшылары іспетті. Үстерінде құндыз жағалы қыс пальто, кейбіреуінде әдемілеп сырып тіккен шолақ тон, бастарында үкілеген тиін құлақшын, аяқтарында аппақ пима, беттері қып-қызыл, буы бұрқырап, қарқ-қарқ күліп отыр...» деген жолдары бар. Ал енді астарына үңіліңіз. Малмен күнелткен ауыл, қарқ-қарқ күлген басшы. Әңгімеде автор бастауыш қана мектебі бар ауылдың балалары Новостройкаға барып оқитынын диалогке енгізген (әлі күнге солай).

«Мен ойладым» деп жалғайды жазушы әңгімесін. «Өмір деген ғажап дейді, түк те ғажап емес, әншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялдамадан түсіп қалу, біреудің то­йып секіруі, біреудің тоңып секіруі. Әлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажап ұйықтамайды; әлдекімдер ішігіне тарс бүркеніп уайымсыз тоқ ұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз – өзгенің бақытына қызығып өту ғана...». Иә, оқырманға ой сала отырып жазылған шағын әңгімесін бір демде оқисыз. Өкініштісі, трагедиямен аяқталады. Жалпы, табиғаты қатал өңірдің трагедиясы да көп болған. Анау әлгі Көккөлдің өзі неге тұрарлық?!

Бәрін қойшы. Оралхан тіріліп келсе, тымағын көкке атып қуанар еді. Автобус бұрылмайды деген Өрнекке ­ер­тең ұшақ қонады. Ауылдың дәл ірге­сіне халықаралық әуежай салынып жатыр. Күре жолды да ауылға тақатты. ­Бұл – жазушы арманының орындал­ға­ны дер едік. Ертең-ақ Новостройка ­деп жазған Белқарағай ауылы мен Өр­негі өркендейді. Кезінде қала жағала­ған Өрнектің тұрғындары қайтадан ауыл­ға бет бұрған. Жер алып, кәсіп ашуға ниеттенген. Міне, Оралхан Бөкей­дің кеңес кезінде көтерген мәселесі бү­гін шешіліп жатыр. «Қасқыр ұлыған түндеден» түйген ой осы. 

Соңғы жаңалықтар

«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері

Тағзым • Бүгін, 08:48

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Қарттарға жан-жақты қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:30

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Дана БӨКЕНОВА: «Bloomberg»-тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Сұхбат • Бүгін, 08:23

Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы

Құрылтай • Бүгін, 08:20

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Өнер • Бүгін, 08:13

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью